«Біз күрделі саяси реформаларға дайындалып жатырмыз. Осындай саяси өзгерістер барысында билік құрылымдарында, әсіресе, парламенттің қос палатасында түрлі ұлттық топтардың саяси өкілдері болу тетіктерін табу қажет»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясында.
Қазақстан халықтарының ассамблеясы бұл органдарда өзіне тиесілі квотаға ие болуға тиіс, деді президент. Елбасының пікірінше, бұл тетікті заңмен бекіту қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті