«Өңірдегі ахуалды қалпына келтіру керек. Облыстағы денсаулық сақтау саласының жай-күйін жақсартуға шұғыл шаралар қолдану қажет. Балалардың ВИЧ індетін жұқтыру деректеріне қатысты тексеру жұмыстары аяғына дейін жеткізілуі тиіс. Кінәлі әрбір адам лайықты жаза жүктеуге тиіс»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Әкімшілікте президент облыс активімен кеңес өткізді. Отырыс барысында Ө.Шүкеев Елбасын аймақтағы тоғыз айдың экономикалық әлеуметтік көрсеткіштерімен таныстырды. Одан кейін ВИЧ -індетіне шалдыққан балалардың жағдайына байланысты денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мен облыс прокуроры Марат Ахметжанов баяндама жасады. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы ақпаратпен таныстырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті