Сәтпаевта "Қазақмысқа" қарасты кен орнында жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтпаевта "Қазақмысқа" қарасты  кен орнында жұмысшы мерт болды

Сәтпаевта "Қазақмысқа" қарасты кен орнында жұмысшы мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 26-қазан. Kazakhstan Today . Сәтпаевта "Қазақмыс" ЖШС-іне қарасты Шығыс Жезқазған кен орнында жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қазан 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға дүйсенбі күні кешке №78/75 шахтада болған. «Кен орнының откат бөлімінде жарық сөніп қалған. Аға энергетик оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына кеткен. Алайда, біраз уақыттан кейін 43 жастағы еркек өліп жатқан жерінен табылды: оны электровоз соғып кеткен»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша арнаулы комиссия жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта