Мәжіліс Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қазан 2006
  • 306
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасында 2007 жылы — 301 716 млн. теңге, 2008-жылы — 341 431 млн. теңге, 2009-жылы — 337 027 млн. теңге көлемінде кепілді трансферттерді бөлу межеленген»,- деді заң жобасын таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы қабылдануға байланысты жасалған. Тұжырымдамаға сәйкес, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттер тек даму бюджетін қаржыландыруға жұмсалады.

«Ұлттық қордан 2007-2009-жылдарда бөлінетін кепілді трансферттер туралы» заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта