Мәжіліс заңнамаға мүлікті заңдастыру мерзімін ұзартуды көздейтін түзетулерді енгізуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс заңнамаға мүлікті заңдастыру мерзімін ұзартуды көздейтін түзетулерді енгізуді мақұлдады

Мәжіліс заңнамаға мүлікті заңдастыру мерзімін ұзартуды көздейтін түзетулерді енгізуді мақұлдады

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қазан 2006
  • 310
Фото - Caravan.kz

Заң жобасының нормаларына сәйкес шараның мерзімі ұзартылып, заңдастыру процедурасы жеңілдетіле түсті.

Мәселен, заң жобасына сәйкес, «ақшаны заңдастырылды деп тану үшін банктегі есепшотқа ақша аудармай-ақ, өтініш немесе басқа да құжаттар тапсырмай-ақ, мүлікті заңдастыру жөніндегі алымды төлеу дерегі тіркелсе жеткілікті»,- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Мүлікті заңдастыру шарасының мерзімі 2007-жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылды.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта