Мәжіліс Экологиялық кодекстің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Экологиялық кодекстің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Экологиялық кодекстің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 26-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Экологиялық кодекстің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қазан 2006
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Кодекстің жобасында қоршаған ортаны қорғау тетіктерін жетілдіруге қажетті барлық нормалар енгізілген»,- деді заң жобасын таныстырған еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов.

«Экологиялық кодекс қоршаған ортаның құрамды бөліктері ретінде табиғи ресурстарды қорғаудың біртұтас экожүйелік принциптерін белгілейді және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеуді кешенді әрі жүйелі реформалауды қарастырады»,- делінген үкіметтің заң жобасына берген түсініктемесінде. Мәселен, кодекске экономикалық реттеудің мынадай түрлері енгізілген: қоршаған ортаны қорғау саласындағы шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; арнаулы табиғат пайдаланғаны үшін төленетін салықтар мен алымдар; қоршаған ортаға келтірілген шығынды экономикалық тұрғыда бағалау; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық тұрғыда ынталандыру; экологиялық сақтандыру т.б.

Экологиялық кодекс қабылданғаннан кейін «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдар мен 80-ге жуық заңға бағынышты актілер күшін жояды.

Сонымен бірге бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депуттар «Экология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Заң жобасының мақсаты — Экологиялық кодекстің ережелерін жүзеге асыру үшін 14 заңнамалық актіге түзетулер енгізу.

Екі заң жобасы да екінші оқылымға дайындау үшін палатаның салалық комитетіне жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта