Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 26-қазанда 11 сағат 30 минутта Хромтау ауданында Хромтау қаласының «ДГОК» АҚ-ына қарасты карьердің технологиялық трассасында болған. «Форд» автокөлігінің жүргізушісі жылу құбырына соғысты. Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті