Юность көшесіндегі бес қабатты 23-үйдің 5-ші қабатында өрт шыққаны туралы ақпарат бүгін таңертең 8 сағат 24 минутта келіп түскен. Оқыс оқиға орнына өрт сөндірушілер 15 минутта келіп жетті. Екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтер өртенген. Пәтердің әйел қожайыны үйде болған. Ол тоқ сымында қысқа тұйықталудан шыққан дыбысты естіген.
Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер толық отқа ораныпты. Өрт сөндірушілер өрт шыққан подъезд пен көрші подъездің тұрғындары 60 адамды басқа жаққа көшірді. Өрт сөндіруге 4 автоцистерна, екі автосаты мен өрт сөндіру қызметінің 15 адамы жұмылдырылды. Өрт жарты сағатта өшірілді.
Қазір үйде жарық мүлдем жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті