Шахтинск қаласында келісім комиссиясының жұмысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинск қаласында келісім комиссиясының жұмысы аяқталды

Шахтинск қаласында келісім комиссиясының жұмысы аяқталды

ШАХТИНСК. 27-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Шахтинск қаласында "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты кен орындарының ұжымы мен компания басшылығы арасындағы дауды шешу үшін құрылған келісім комиссиясының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қазан 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, комиссия кеншілердің жаппай қарсылық шарасы кезінде, 27-қыркүйекте жұмыс істей бастаған. Оған сегіз шахтаның әрбіреуінен бес өкілден, сондай-ақ, кәсіподақ ұйымдары мен компания басшылығынан өкілдер кірген. Комиссия кеншілердің барлық талаптарын төрт аптада қарап, орларды компания басшылығына орындауға тапсыруға тиіс болатын. Ең бірінші талап — жалақыны көтеруге қатысты.

«Бір айға созылған жұмыс барысында комиссия кеншілердің барлық талаптарын жүйелеп, оларды 43 тармаққа біріктірді»,- деп хабарлайды компаниядағы ақпарат көзі. «Бұл талаптардың бәрі ұжымдық келісім-шарты бойынша екі жақты комиссияның қарауына тапсырылды. Бұл комиссияның отырысы бүгін өтуге тиіс»,- дейді ақпарат көзі.

Оның айтуынша, әдетте комиссияға екі жақты өкілдері де, әкімшілік пен кәсіподақ ұйымдарының әрқайсысынан 14 адамнан кіреді. «Бұл жолы комиссияның отырысына қатысуға Шахтинск қаласында жұмыс істеген келісім комиссиясның мүшелері де ниет білдірді»,- дейді сұхбаттасымыз. Комиссияның отырысы қаншаға созылатыны белгісіз.

Ал 1-қарашада көмір департаментіндегілер кәсіподақ ұйымының мүшелерін қайта сайламақшы. Желтоқсанның аяғында кәсіподақ ұйымының конференциясы өтеді. Онда ұжымдық келісім-шарты талқыланып қабылданады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеншілер 20-қыркүйекте Ленин атындағы шахтада болған жарылыстан кейін ереуілге шықты. 41 кеншінің өмірін қиған жарылыстың себебін үкіметтік комиссия еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасын өрескел бұзумен байланыстырған. Көмір департаменті шахталарының ұжымдары жаппай ереуілге шақты. Кеншілер ең бастысы жұмыс істеу жағдайын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті. Жалақы мөлшерін арттыру мәселесі кеншілер үшін шешілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта