Оңтүстік Қазақстан облысының ВИЧ індетін жұқтырған балалары Алматыдағы "Алатау" шипажайында емделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының ВИЧ індетін жұқтырған балалары Алматыдағы "Алатау" шипажайында емделеді

Оңтүстік Қазақстан облысының ВИЧ індетін жұқтырған балалары Алматыдағы "Алатау" шипажайында емделеді

ШЫМКЕНТ. 30-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының ВИЧ індетін жұқтырған балалары Алматыдағы "Алатау" шипажайында емделеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина хабарлады.

  • 30 Қазан 2006
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен 20 баланы Алматыдағы «Алатау» шипажайында сауықтыру жөніндегі мәселе шешілді. 18 баланың ата-анасы бұған келісті»,- деді Н.Бабина ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгінде 20 балаға клиникалық мәліметтердің негізінде жоғары белсенді антиретровирустық емдеу тәсілі тағайындалған. Он бала қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатса, оны амбулаториялық жағдайда емделуде. Қосалқы ауруларға байланысты 15 бала емделуде. Олардың екеуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, ал тоғызы үйлерінде емделіп жатыр.

Н.Бабинаның айтуынша, облыс бойынша балалардың ВИЧ індетін жұқтыру картасы мынадай күйде: Шымкент — 24 бала, олардың екеуі облыс аумағынан тысқары жерлерде жүр (АҚШ және Алматы облысы), төрт бала қайтыс болды; Сайрам ауданы — 23 бала, біреуі қайтыс болды; Ордабасы ауданы — 8 бала; Мақтаарал ауданы — алты бала , біреуі қайтыс болды; Арыс қаласы — екі бала , біреуі облыс аумағынан шығып кеткен (Семей); Төле би ауданы — 10 бала ; Бәйдібек ауданы — екі бала ; Кентау қаласы — бір бала, Түркістан — бір бала, Қазығұрт ауданы — бір бала.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта