Елімізде қаңтар және қыркүйек айлары аралығында Жер заңнамасын бұзуға қатысты 1,2 мың дерек әшкереленген - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қаңтар және қыркүйек айлары аралығында Жер заңнамасын бұзуға қатысты 1,2 мың дерек әшкереленген

Елімізде қаңтар және қыркүйек айлары аралығында Жер заңнамасын бұзуға қатысты 1,2 мың дерек әшкереленген

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. Елімізде қаңтар және қыркүйек айлары аралығында Жер заңнамасын бұзуға қатысты 1,2 мың дерек әшкереленген. Бұл туралы ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Бақыт Оспанов бүгін "үкіметтік сағат" барысында парламентте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Қазан 2006
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылдың 9 айында инспекторлық қызмет, агенттіктің облыстық және қалалық аумақтық органдарының күшімен жер заңнамасының сақталу жайына 2200 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде заңнаманы бұзуға қатысты 1229 дерек әшкереленді»,- деді Б.Оспанов.

Оның айтуынша, 390 дерек бойынша ескерту беріліп, 795 жағдайда заң бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза жүктеліп, 13 млн. теңгенің айыппұлы салынды. 194 жағдайда тексеру материалдары сот органдарына жолданды.

«Анықталған 533 заң бұзу дерегі жойылып, қалған бөлігі жойылу үстінде»,- деді Б.Оспанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта