Армения Республикасының президенті қарашаның басында елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения Республикасының президенті қарашаның басында елімізге келеді

Армения Республикасының президенті қарашаның басында елімізге келеді

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. Армения Республикасының президенті Роберт Кочарян 2006 жылғы 6-7 қарашада ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Қазан 2006
  • 476
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында ел басшылығымен саяси келіссөздер жүргізу, экономика және консулдық салалардағы екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ Қазақстан мен Армения іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге , 5 — 6 қарашада Астана қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде қазақстан-армян комиссиясының екінші мәжілісі болып өтеді. Комиссияның қазақстандық тараптан тең төрағасы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Онжанов, армян тарапынан тең төрағасы АР Ауылшаруашылық министрінің бірінші орынбасары С.Аветисян қатысады.

Мәжіліс барысында сауда-экономикалық, инвестиция, транспорт, инновация, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта