Е.Ашықбаевтың айтуынша, отырыс комиссияның тең төрағалары — ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Оңжанов пен ГФР үкіметінің қоныс аударғандар мен азшыл ұлттар ісі жөніндегі уәкілетті өкілі, ГФР ІІМ-нің статс-хатшысы, ГФР Бундестагының депутаты Кристоф Бергнердің басқаруымен өтеді.
«Отырыста Қазақстан Республикасында тұратын неміс ұлты өкілдерін қолдау жөніндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланады»,- деді Е.Ашықбаев.
Оның айтуынша, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасының неміс ұлтты азаматтарын қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы 1996-жылдың 31-мамырындағы келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті