Атырау облысында болған оқиға Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының рухын паш ете алмайды - СІМ өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында болған оқиға Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының рухын паш ете алмайды - СІМ өкілі

Атырау облысында болған оқиға Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының рухын паш ете алмайды - СІМ өкілі

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан және Түрік жұмысшылары арасында жаппай төбелес болуға байланысты Атырау облысында болған оқиға Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының рухын паш ете алмайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев пікір білдірді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Қазан 2006
  • 589
Фото - Caravan.kz

«Бұл оқиға Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтары арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың рухын паш ете алмайды дегенді тағы бір атап өткіміз келеді»,- деді ол.

«Қақтығыстың үстірт бір себебі ретінде тұрмыстық жаңжал аталған болатын»,- деді ол. «Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін құрылған жұмыс тобы оқиғаның түп-төркіні туралы толық ақпарат береді деп сенеміз»,- деді Е.Ашықбаев.

Қазір СІМ Қазақстандағы Түркия елшілігімен және Түркия СІМ Анкарадағы Қазақстан елшілігімен тұрақты байланыста отыр, деді өкіл.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта