Үкімет басшысы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына өңірлік монополистермен жең ұшынан жалғаспауды ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына өңірлік монополистермен жең ұшынан жалғаспауды ескертті

Үкімет басшысы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына өңірлік монополистермен жең ұшынан жалғаспауды ескертті

АСТАНА. 30-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін премьер-министр Даниал Ахметов Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны (ӘКК) құру мәселелерімен айналысатын жұмысшы тобының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Қазан 2006
  • 362
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы жұмыс барысымен және оның қызметінің алдын ала қорытындыларымен танысты. Жұмысшы тобының жетекшісі Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов топтың заңнамалық аспектімен жұмысының нәтижесі, сондай-ақ ӘКК-ны инфрақұрылымдық жобаларға тарту туралы әңгімеледі.

Даниал Ахметов жұмысшы тобының атқарған жұмысына оң баға беріп, тұжырымдамалық көзқарасы мен қарқынын атап өтті.

Сонымен бірге үкімет басшысы ӘКК барлық перспективалық жобаларға қатысатын «өңірлік монополистермен жең ұшынан жалғаспауын» қатаң ескертті. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация олардың іс-қимылы шын мәнінде дәлелденген жобаларға ғана қатысуы тиіс»,- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Премьер-министрдің өкімімен ӘКК жөніндегі жұмысшы тобы үкімет ғимаратында күн сайын өз жұмысын жүргізіп келеді. Олар жұмысын 19 қарашада аяқтауы тиіс. Дайындалған ұсыныстарын үкімет қарауына енгізеді, одан кейін еліміздің бизнес өкілдерінің талқылауына салады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта