ҚР ҰҚК басшысы ҚХР мемлекеттік қауіпсіздік министрімен есірткі трафигі арналарын бірлесе ауыздықтау шаралары туралы мәселені талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК басшысы ҚХР мемлекеттік қауіпсіздік министрімен есірткі трафигі арналарын  бірлесе ауыздықтау шаралары туралы мәселені талқылады

ҚР ҰҚК басшысы ҚХР мемлекеттік қауіпсіздік министрімен есірткі трафигі арналарын бірлесе ауыздықтау шаралары туралы мәселені талқылады

АСТАНА. 31 қазан. Kazakhstan Today. Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев Қытай Халық Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік министрі С.Юноемен есірткі трафигі арналарын бірлесе ауыздықтау және халықаралық қылмыстық топтардың жолын кесу туралы мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

  • 31 Қазан 2006
  • 570
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, С.Юное Қазақстан ҰҚК тәжірибелік ықпалдастығы аймақтық қауіпсіздік мәселелерін нәтижелі шешуге, екі елдің ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті сейілтуге оң ықпал ететінін айтқан.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясын Пекинде ҚКП ОК саяси бюросының тұрақты мүшесі Ло Гань қабылдады. Ол өз кезегінде екі елдің арнайы қызметтерінің халықаралық терроризм және экстремизммен күрес мәселелеріндегі қарым қатынасын жоғары бағалап, қазақстандықтарға осы проблемалар бойынша мемлекеттік қауіпсіздік министрлігіне қол ұшын бергендері үшін алғысын білдірді.

Сондай ақ , қытайлықтар Қазақстанның ҰҚК 2008 жылы Пекинде өтетін Олимпиадалық ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына атсалысады деген сенімдерін білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта