Семейде гараж тонаумен айналысқан азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде гараж тонаумен айналысқан азамат ұсталды

Семейде гараж тонаумен айналысқан азамат ұсталды

СЕМЕЙ . 31 қазан . Kazakhstan Today. Семейде 45 жастағы ер азамат ұсталды, ол жер асты жолымен гараждарды тонаған. Бұл жөнінде қалалық полиция орталық бөлімінің криминалды полиция бөлімінің бастығы Махамбет Қадырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 31 Қазан 2006
  • 516
Фото - Caravan.kz

М.Қадырбаевтың айтуынша, күдікті негізінен қаланың орталығында ұрлық жасаған. «Ол гараждарға жер астын қазып немесе құлыптарын сындырып енген. Күдікті машинаның автомагнитоласын, қосалқы бөлшектерін, телевизорларды ұрлап, орталық базарда сатқан»,-деді М.Қадырбаев.

Полиция қызметкерлері он ұрлық дерегін дәлелдеді. Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 айында 24 гараж тоналған. Қолға түскен күдіктіге қатысты ҚР ҚК 175 бабына сәйкес (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта