«Аса ірі көлемде есірткі сатуға қатысты төрт дерек бірден әшкереленді. Жалпы алғанда 79,750 килограмм марихуана мен 1,18 грамм героин тәркіленді»,- деді А.Исағалиев.
Мәселен, ескрткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 28-қазанда еш жерде жұмыс істемейтін 40 жастағы Қызылорда тұрғынын 53,140 килограмм марихуана сатпақ болып жатқан сәттте қолға түсірді.
Облыстық полиция басшысының пікірінше, ағымдағы жылы тәркіленген есірткі көлемі 10 есе өсті. Мәселен, 2005-жылдың 10 айында тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 19 килограмм есірткіні шығарса, биыл бұл көрсеткіш 194 килограммға жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті