«30-қазанға қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласылық департаменті көші-қон және жол полициясымен бірлесіп Алматы облысының Ұзын-Ағаш өткелегінде төрт автобуспен Алматыға бет алған заңсыз мигранттардың үлкен тобын қолға түсірді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Өздерін Өзбекстан азаматтарымыз деп таныстырған 26 адамның 13-інде ешбір құжаттары болмай шықты. Ал қалғандарында көші-қон карточкалары бар»,- деп хабарлайды мекеме.
Қазір құқық қорғау органдары ұсталғандардың аты-жөнін анықтауда.
ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жақын шетелдерден заңсыз мигранттарты тасымалдаудың осындай тәсілі ойдағыдай жолға қойылғанға ұқсайды. «Осы арнаны ұйымдастырушылар қалааралық автобустардың жүксалғыштарын жүйелі түрде пайдаланып, заңсыз мигранттарды адам төзгісіз жағдайда тасымалдап келген», деп хабарлайды ҰҚК.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті