Жобаның мақсаты — зейнетақы жинақтау жүйесінің ережелерін түсіндіріп насихаттау арқылы халықтың хабардарлық деңгейін көтеру. Бағдарламада өз бетімен жұмысмен қамтылған тұрғындарға арнап семинарлар өткізу мен жеке ақыл-кеңестер беру, сондай-ақ, «қызу желі» арнасымен жұмыс істеу қарастырылған. Срның нәтижесінде мыңдаған адамды оқытып шығару межеленген.
Жоба қазанның басында Алматыда басталды. Ол АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады. Оның аясында зейнетақы жинақтау жүйесіне жарна төлемейтін тұрғындардың тобы — жұмыссыздар, көп балалы аналар, еріктілер мен фермерлермен жұмыс жүргізу көзедлген.
Алматы қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының орынбасары Анастасия Курасованың айтуынша, қазір «тұрғындардың небәрі 45 проценті ғана зейнетақы қорларына тұрақты жарна төлеушілер болып табылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті