Парламент "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады

Парламент "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Серік Әбдірахмановтың бастамасымен әзірленген "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Қараша 2006
  • 791
Фото - Caravan.kz

«Бұл заң жобасы Қазақстанның Ата заңының 89-бабына толық сәйкеседі. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында жргілікті өзін-өзі басқару мойындалады және ол тұрғындардың жергілікті тауқыметтерді өз бетімен шешу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі»,- делінген заң жобасын берілген түсініктемеде.

«Заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың жүйесі мен кепілдіктерін, іс-қызметін ұйымдастыру принциптерін, құқықтық мәртебесін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазым иелерінің жауапкершілігін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар арасындағы ықпалдастықты айқындайды»,- делінген құжатта.

Жаңа заң жобасының бастамашыларының айтуынша, заң нормаларын жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта