«ВIS»ЖШС-нің бас директоры Ділдәхан Ахметовтың айтуынша, елімізде осы тектес станция бұған дейін болмаған. «Мұнда бір тәулікте 150 цистернаны тазартуға болады. Бұл — үш бірдей теміржол составы деген сөз»,- деді ол.
Жобаның құны 1 млрд. теңгеден асады. Кешен екі жылда салынып бітті.
«»ВIS» — осы бағыттағы басқа кәсіпорындардан озық технологияларды қолданатындығымен ерекшеленеді»,- деді А.Ахметов.
Цистерналарды тазарту үшін әдетте бу пайдаланылады. Мұндай жағдайда ауаға зиянды заттардың тасталуынан құтылу мүмкін емес. «Цистерна 9 атмосфера қысымда жуылғаннан кейін жуынды сүзіледі. Бұдан кейін ол тазарту кешеніне жіберіліп, мұнай мен су бөлінеді. Өндірістік қалдықтар деген болмайды»,- деді бас директор.
Д.Ахметовтың айтуынша, жобаның келесі кезеңінде Қызылорда облысында сапалы жанармай мен дизельдік отын өндіретін шағын зауыт салынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті