«Әскерге шақыру жөніндегі медициналық комиссия өзінің жұмысын 1 қазанда бастады. Бір ай ішіндегі жұмыс нәтижесіне қарап мен жағдайымыз көңіл көншітерлік емес деген тұжырым жасай аламын»,-деді М.Ысқақова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әскер қатарына шақырылушылардың 80 % денсаулығы мәз емес, тіпті 40% әскер қатарына жарамсыз.
«Әскерге шақырылатын жастағы жігіттердің денсаулығы жыл сайын төмендеп барады. Олардың арасында май табан, бас-сүйегінің зақымдану салдары, жүрек- қан тамырлары, сколиоз және көз жанары проблемалары басым»,-дейді М.Ысқақова. «Бір ғана қуанатын жағдай — жігіттердің салмақтары қалпына келе бастады»,-деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті