» 92А- 50 алаңындағы монтажды-сынақ корпусында «АрабСат-4Б» ғарыш аппаратының және «Бриз -М» үдеткіш блогының жүйелерін ақтық тексеруден өткізуде.
Тексеру аяқталғаннан кейін ғарыш аппараты үдеткішпен түйістіріліп, зымыран тасығыштың бас сүйірімен жабылды»,-деп хабарлайды ФҒО баспасөз қызметі.
«Одан кейін ғарыш аппаратының басты бөлігі 95 алаңдағы мондажды -сынақ корпусына жеткізіліп, зымыран тасығышты жинау басталады»,-деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.
3 қарашада мемлекеттік комиссия отырысы өтеді, онда 200 алаңындағы ұшыру корпусында дайындық жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданады.
Араб жер серігі байланысы ұйымына тиесілі «АрабСат-4Б», сандық телевизия қызметін ұсынуға , тікелей телехабарларды таратуға, Араб елдеріне Интернет қызметін ұсынуға арналған.
«АрабСат-4Б» «АрабСат» ғарыш тобындағы байланыс жер серіктерінің екіншісі болып табылады. Айта кетейік, «АрабСат-4А» жер серігін орбитаға шығару мүмкін болмады.
Үдеткіш блогымен «АрабСат-4Б» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру Астана уақыты бойынша 9 қарашаға 2 сағат 1минутқа (Мәскеу уақыты бойынша 8 қараша күні 23.01минутқа) белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті