ҚР премьер министрі Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын құру жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер министрі Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын құру жобасын мақұлдады

ҚР премьер министрі Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын құру жобасын мақұлдады

АСТАНА. 1 қараша. Kazakhstan Today. Кеше премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы кезекті кеңес өтті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Қараша 2006
  • 456
Фото - Caravan.kz

Осы жобаны жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталған Д.Ахметов , АЭА келешекте өңірде әлеуметтік өндірістік корпорация құрудағы басты құралдың біріне айналатынын атап өтті.

АЭА-тың басты кәсіпорны алюминий және болат өнімдерін шығаратын металлургиялық зауыт болмақ. Сарапшылардың пайымдауынша, әлемде бұл металлдарға деген сұраныс артып келеді. Кәсіпорынды келесі жылы іске қосу жоспарда бар, ал 2009 жылдан бастап кәсіпорын толық қуатына көшеді.

Ұсынылған ақпаратты және кеңеске қатысушылардың пікірлерін тыңдай келе премьер-министр жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) мақұлдады және айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып пысықтауды тапсырды. Осы ретте, Д.Ахметов, ТЭН-де жобадағы құрылыстың инфрақұрылымдық бөлігін қаржыландыруда мемлекеттік және жекеменшік салымдардың қатысу өлшемдерін нақты белгілеу қажеттігін атап көрсетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта