Қазақстандық өкілдерді денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой басқарады.
«Форумда Орталық Азия республикалары мен Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау нәтижелері мен олардың кейінгі он жылдағы ана мен баланың игілігіне тигізген әсері жайлы талқыланып, БҰҰ Бас ассамблеясы айқындаған Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу шаралары қарастырылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Кездесуге қатысушылар ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы проблемалар бойынша нұқсаулар әзірлейді деп күтілуде».
Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның форумы алғаш рет 1997-жылдың 16-сәуірінде Алматыда ұйымдастырылған. Оған өңір елдерінің үкіметтері, республикалық ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдарының өкілі қатысты. Шараны ЮНИСЕФ қаржыландырды.
Министрлік ақпаратына сәйкес, форум жыл сайынғы кездесу түрінде жұмыс істейді. Ол Орталық Азия елдерінде алмакезек өткізіліп отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті