Оның айтуынша, есірткі тасушыны полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері кеше Ташкент-Новосибирск бағытындағы поезды тексеру кезінде қолға түсірді. Тұтқынның құсығынан жалпы салмағы 400 грамм болатын героин салынған 36 капсула шықты. «Осыдан кейін бірден уақытша тергеу қапасына тоғытылған еркек түні бойы біртүрлі қылық көрсеткен. Ал таңертең су ішкеннен кейін құсып жібергенде оның асқазанынан 500 грамм салмағы бар 47 капсула шықты»,- деді Е.Таниев.
Тәжікстан азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз есірткі тасымалы немесе саудасы жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті