Наурыз банктің мүлкі тұтқындалды - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наурыз банктің мүлкі тұтқындалды - қаржы полициясы

Наурыз банктің мүлкі тұтқындалды - қаржы полициясы

АСТАНА. 2-қараша. Kazakhstan Today. ""Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ның лауазым иелеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тексеру аясында таратылған банктің мүлкі тұтқындалды. Бұл туралы бүгін ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ыбырайымов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 2 Қараша 2006
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Бұл іс бойынша біз банктің 5,6 млрд. теңге тұратын мүлкін тұтқындадық»,- деді Р.Ыбырайымов. Оның айтуынша, сотта қаралып жатқан аталмыш іс бойынша 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Қазір бес адамға қатысты іс сотқа жолданды. Оның ішінде аталмыш банк басқармалары төрағасының орынбасарының үстінен қозғалған іс те бар. Ал қалғандарына банк басқармаларының төрағасы Оразалы Ержановпен халықаралық іздеу жарияланды»,- деді Р.Ыбырайымов.

Оның айтуынша, айыпкерлердің әрекеттері салдарынан банк салымшылары 4,5 млрд. теңгенің шығынына ұшырады. «Бұл мәселені сот қарағаннан кейін банктің мүлкіне қатысты мәселе шешіліп, салымшылардың, соның ішінде мемлекеттік құрылымдардың шеккен шығындарын өтеп беру процедурасы айқындалады»,- деді Р.Ыбырайымов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылғы 2 — маусымда ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің қаулысымен «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ына еліміздің банк заңнамасына сәйкес ұлттық және шетелдік валютада операциялар жүргізуге берілген лицензияны кері шақырып алуға шешім қабылданды. ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының қаулысы бойынша 2004-жылдың 9-қарашасынан бастап «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ын үш айға консервациялау тәртібі енгізілді. «Наурыз банктің» іс-қызметінде анықталған заң бұзу оқиғалары осындай тәртіп енгізуге негіз болған. Атап айтсақ, «төлем жасау және ақша аудару операциялары бойынша шарт бойынша жүктеп алған міндеттемелерін жүйелі түрде дұрыс орындамау, құқықтық актілерді ұдайы бұзу, Ұлттық банктің немесе уәкілетті мекеменің жазбаша нұсқауларын орындамау, немесе, Ұлттық банкке яки уәкілетті мекемеге есеп құжаттары мен мәліметтерді бермеу, немесе, қасақана жалған құжаттар тапсыру» оқиғалары тіркелген.

Алайда, консервациялау тәртібі банктің қаржылық ахуалын сауықтыруға және жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізген жоқ.

Агенттік ұлттық және шетел валютасында банк заңдарында көзделген операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алуға байланысты «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ-ын тарату жөнінде іс қозғау туралы өтінішпен 2005 жылғы 13 маусымда Алматы қаласындағы Арнайы ауданаралық экономикалық сотқа өтініш жасады. Соттың шешімі 2005-жылдың 2-желтоқсанында күшіне енді.

Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ салымшыларының депозиттерін кепілді өтеп беру шарасына 2005-жылдың 14-желтоқсанында кірісті. Кепілді төлемдерді қайтарушы агент ретінде байқау нәтижесінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ таңдалды. Қор ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың 14-маусымындағы жағдаймен 700 млн. теңгенің төлемдері қайтарылды. Бұл жалпы төлемдердің 90 процентіне тең. Наурыз банк пен Қазагропромбанктің 3,5 мыңдай салымшысы кепілді төлемдерді қайтарып алды.

Барлық салымшыларға кепілді төлемдерді толық қайтару үшін қор мен «ТұранӘлемБанкі» АҚ төлемдерді қайтару мерзімін ағымдағы жылдың аяғына дейін ұзарту туралы келісім-шартына қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта