Семейлік оқушылардың үштен бірінің денсаулығы дімкәс - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік оқушылардың үштен бірінің  денсаулығы дімкәс

Семейлік оқушылардың үштен бірінің денсаулығы дімкәс

СЕМЕЙ. 2 қараша . Kazakhstan Today. Семейлік оқушылардың 30% денсаулығы діәмкәс. Мектепте медициналық тексеру жүргізген дәрігерлер осындай қорытынды жасады. Бұл жөнінде Семей қаласының бас педиаторы Әлия Қайдарова хабарлады.

  • 2 Қараша 2006
  • 678
Фото - Caravan.kz

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында жүргізілген профилактикалық медициналық тексерулер осы жылдың қаңтар айында басталған. Балаларды педиатр, терапевт, оташы, жүйке аурулар дәрігері, көз және тіс дәрігерлері қарады. Әр тексеруден кейін әр оқушыға жеке статистикалық мәліметтер қартасы толтырылды.

Бүгінгі таңда 79 мың оқушының 82% тексеруден өтсе, 20 мың оқушыдан түрлі ауру табылған. Әсіресе балалар арасында сколиоз, көздің нашар көруі, жүйке аурулары, тыныс жолдарының сырқаты және қан аздығы аурулары көп тараған. 12 мың оқушы диспансерлік есепке алынды.

А.Қайдарованың айтуынша, бұл медициналық тексерулер аурудың алдын алу, емдеу, мүгедектікке жол бермеу мақсатында жүргізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта