Қазақстанда Ғылым қоры құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ғылым қоры құрылды

Қазақстанда Ғылым қоры құрылды

АСТАНА. 3 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанда отандық ғылым мен тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсатымен "Ғылым қоры" Акционерлік қоғамы құрылды. Бұл туралы қаулыға премьер министр Даниал Ахметов қол қойды,-деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Қоғамның басты міндеті- соны, ынталы, тәуекелшіл зерттеулер мен тәжірибелі конструкторлық жұмыстардыің дамуына ықпал ету болмақ. Бұл өз кезегінде елімізде ғылыми зерттеулердің жүзеге асуына жол ашады,-деп көрсетілген қабылданған құжат мәтініде.

  • 6 Қараша 2006
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Ғылым қоры» АҚ басқару төрайымы болып Әсел Нүсіпова тағайындалды. АҚ директорлар кеңесін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Азамат Әбдімомынов басқарады. Ал кеңес құрамына премьер министр кеңсесінің әлеуметтік мәдени даму бөлім бастығы Фархат Қуанғанов, Білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитеті төрағасы Тілекқабыл Рамазанов, Білім министрілігінің Аэроғарыштық комитетінің төрағасы Марат Нұрғожин, Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің төраға орынбасары Бақытбек Тәшенов, «ҚР Ғылыми-техникалық ұлттық орталық» РМК бас директоры Ербол Сүлейменовтер қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта