Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір түрмеде жазасын өтеуші өзін-өзі өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір түрмеде жазасын өтеуші өзін-өзі өлтірді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір түрмеде жазасын өтеуші өзін-өзі өлтірді

ШЫМКЕНТ. 6-қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ИЧ 167/3 түрмесінде жазасын өтеуші өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 534
Фото - Caravan.kz

35 жастағы еркектің мәйіті өткен аптада табылды. «Таңертеңгі 8 сағат 10 минутта оны шатырда асулы тұрған жерінен тауып алған. Оқиға орны мен мәйітке жасалған тексерулер оның өзін-өзі өлтіргенін көрсетті»,- деді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасы бастығының орынбасары Сейітхан Сүгіров.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 3,5 жылға сотталған еркек жаза мерзімінің жартысын өтеген. «Ол қоныс-түрмеге ауыстырылуға тиіс болатын. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының комиссиясы материалдарды қарап, сотқа тапсыруға дайындап жатқан болатын»,- деді басқарма бастығының орынбасары.

С.Сүгіровтың айтуынша, осы оқиғадан бірнеше күн бұрын жазасын өтеушімен кездесуге оның ағасы мен қарындасы келген. Осыдан кейін оның мінез-құлқы өзгеріп кеткен. «Ол жалпы алғанда тұйық, түнерген адам болған»,- дейді басқарма қызметкері.

Бұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрмелерде болған үшінші өзін-өзі өлтіру оқиғасы. Мамыр айында ИЧ 167/3 түрмесінде 20 жастағы жазасын өтеуші жарық түсіретін мұнарадан секіріп өлген. Тағы бір тұтқын ИЧ 167/9 абақтысында өзінің өмірін қиды.

С.Сүгіровтың мәліметтеріне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 3 мыңдай адам жазасын өтеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта