Иордания үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді

Иордания үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. Қараша айының 8 мен 10 аралығында Иордания Хашимит Корольдігінің премьер-министрі Мааруф Бахит ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 340
Фото - Caravan.kz

Иордания үкімет басшысымен бірге елімізге сыртқы істер министрі, өнеркәсіп және сауда, энергетика, жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрлері келеді.

«Екі жақты келіссөздердің күн тәртібінде Иордания королі ІІ Абдалланың Қазақстанға 2005-жылғы қараша айындағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері, өзара қызығушылық тудырып отырған халықаралық және өңірлік мәселелер талқыланады», деді елші.

Сапар аясында Иорданиялық министрлер өздерінің қазақстандық әріптестерімен келіссөздер жүргізеді. «Сондай-ақ, екі елдің Сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта