ҚР СІМ ресми сапармен Монғолияға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ ресми сапармен Монғолияға барады

ҚР СІМ ресми сапармен Монғолияға барады

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. 12-14-қарашада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ресми сапармен Монғолияға барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 366
Фото - Caravan.kz

Еліміздің бас дипломаты Монғолия СІМ Нямагийн Энхболд мырзаның шақыруымен ол жаққа бармақшы.

«Сапар аясында Монғолия президенті Намбарын Энхбаяр, үкімет басшысы Миеэгомбын Энхболд және осы елдің СІМ-імен екі жақты кездесулер өткізіледі»,- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта