«10-қарашада Мәскеуде ТМД елдері СІМ-нің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері деңгейіндегі консультациялар өтіп, онда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы СІМ-нің Брюссельде өтетін кеңесіне байланысты ТМД елдерінің өзара ықпалдастығына қатысты мәселелер талқыланады»,- деді Е.Ашықбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД елдері Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасайтын өзінің ұжымдық кандидаты деп санайды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауына қатысты ақырғы шешімді 2006-жылғы желтоқсан айында Брюссельде ұйымға мүше елдердің СІМ өкілдері қабылдайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті