Қырғызстан үкіметі үйінің алдына наразылық шеруге шыққандар Бакиев пен Құловтың отставкаға кетуін талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан үкіметі үйінің алдына наразылық шеруге шыққандар Бакиев пен Құловтың отставкаға кетуін талап етуде

Қырғызстан үкіметі үйінің алдына наразылық шеруге шыққандар Бакиев пен Құловтың отставкаға кетуін талап етуде

БІШКЕК. 6 қараша . Kazakhstan Today. Бішкекте Қырғызстан үкіметі үйінің алдына жиналған мыңдаған шерушілер президент Құрманбек Бакиев пен премьер-министр Феликс Құловтың отставкаға кетуін талап етуде. Бұл жөнінде оқиға орнынан Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлайды.

  • 6 Қараша 2006
  • 338
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан үкіметі үйінің маңайына жиналғандар, «Бакиев, кетсін!», «Құлов, кетсін!», деп жар салуда.

Бүгін наразылық танытушылардың арасында ресейшіл қарым-қатынас туралы мәселе көтерілді. Олардың айтуынша, ел президенті Бәкиев осы жылдың жаз маусымында Қырғызстанда Борис Березовскиймен кездесіпті- міс.

«Қырғызстан -Ресеймен, Бакиев-Березовскиймен, Қырғызстан мен Ресей-достық қарым-қатынас, Бакиев пен Березовский -коммерциялық қарым қатынас»,-деп мәлімдеді бүгін «Реформалар үшін!» оппозициялық қозғалысының өкілі, депутат Темір Сариев

«Бүгінде Ресей 500 мыңға жуық қырғызстандықтың баспанасына айналды, ал Бакиев-Қырғызстанның жауы, Березовскийдің келуімен ол Ресей мен Қырғызстан арасындағы қарым қатынасқа сызат түсірді»,- деп мәлімдеді республиканың қоғамдық қозғалысы өкілдерінің бірі Игорь Трофимов.

Шеруге қатысушылардың санына қатысты оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылардың мәліметі әрқалай. Алдыңғылары бүгін алаңға 20-30 мыңнан астам адам жиналды десе, ҚР ІІМ қызметкерлері шеруге 3-5 мың адам қатысты дейді.

Үкімет үйінің шатырынан шеруді мергендер бақылауда. Ғимаратты ОМОН қызметкерлері қоршауға алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта