Павлодарда асылып өлген полиция тергеушісінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда асылып өлген полиция тергеушісінің мәйіті табылды

Павлодарда асылып өлген полиция тергеушісінің мәйіті табылды

ПАВЛОДАР. 6 қараша. Kazakhstan Today. Павлодар аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі асылып өлген жерінен табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі Kazakhstan Today агенттігіне.

  • 6 Қараша 2006
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Полиция қызметкері Нұрлан Шүкеевтің мәйіті жұма күні бір әкімшілік ғимаратының баспалдақтары аралығынан табылған»,-дейді ақпарат көзі.

Айтуынша, осы жағдайдың алдында Н.Шүкеев облыстық ішкі істер департаменті бастығына шақырылған. Ақпарат көзінің айтуынша, «аға тергеуші соңғы кездері Қызылжар ауылының бір тұрғынының өліміне қатысты істі қараған. Бұл іс өте шұбалаңқы әрі түсініксіз жәйттері басым болған, сондықтан да одан тергеу жұмыстарын жеделдету талап етілген».

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы аталған іс бойынша тергеу амалдары басталды дегенді желеу етіп төтенше жағдай туралы түсінік беруден бас тартты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта