Семейде жыл басынан бері жол апатынан 41 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жыл басынан бері жол апатынан 41 адам қаза тапты

Семейде жыл басынан бері жол апатынан 41 адам қаза тапты

СЕМЕЙ. 6 қараша . Kazakhstan Today. Семейде жыл басынан бері жол апатынан 41 дам қаза тауып, 290 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп мәлімдеді ІІБ ЖПБ ұйымдастыру- сараптамалық- профилактикалық жұмыстар жөніндегі бас маманы Владимир Попов.

  • 6 Қараша 2006
  • 411
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша, он ай ішінде қалада 246 жол апаты тіркелген. Оның 19 жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізуі салдарынан болған.

В.Поповтың сөзіне қарағанда, «Жол апатына Семей тас жолдарының ахуалы дұрыс жол шешімдерінің жоқтығы және бағдаршамдардың жиі істен шығуы басты себеп». Сонымен қатар, жол апатына автокөлік санының өсуі де ықпал етеді, дейді Попов. Бүгінгі таңда Семей қаласында 35 мыңнан астам автокөлік бар, ал осыдан бес жыл бұрын темір тұлпарлардың саны 1,5 есе аз болатын.

Жыл басынан бері жол полицейлері жол ережелерін бұзушыларды ауыздықтау мақсатында 100 ден астам жедел профилактикалық шаралар өткізген. Оған қоса, әр жұма және сенбі күндері жол полициясы қызметкерлері жолдағы бассыздықты болдырмау үшін күшейтілген шаралар ұйымдастырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта