Екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения бірқатар құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения бірқатар құжаттарға қол қойды

Екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения бірқатар құжаттарға қол қойды

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Армения президенті Роберт Кочарян арасындағы екі жақты келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекет бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 699
Фото - Caravan.kz

Мәселен, азаматтардың өзара барыс-келісі жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қазақстан жағынан бұл құжатқа СІМ Қасымжомарт Тоаев, ал Армения жағынан осы ел СІМ-нің орынбасары Гегам Гарибджанян қол қойды.

Бұған қоса келіссөздердің қорытындысы бойынша қосарланған салықты болдырмау және мүлік пен кіріс салығы бойынша салықтан жалтаруға жол бермеу жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Бұл құжатқа еліміздің қаржы министрі Наталья Коржова мен Арменияның сауда және экономикалық даму министрі Карен Чшмаритян қол қойды.

Халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімге Қазақстан жағынан көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, Армения жағынан — Арменияның сауда және экономикалық даму министрі Карен Чшмаритян қол қойды.

Еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник пен Арменияның сауда және экономикалық даму министрі Карен Чшмаритян өзара инвестицияны қорғау және ынталандыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды.

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев пен Арменияның мәдениет және жастар ісі жөніндегі министрі Асмик Погосян мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта