Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
КАРАҒАНДЫ. 7- қараша. Kazakhstan Today. Қарағандыда №88 мектептің 5-ші сынып оқушысы қоқыс арасынан 300 грамм сынабы бар бөтелке тауып алған,-деп Kazakhstan Today агенттігіне қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма хабарлайды. Басқарманың бас маманы Раушан Мусинаның айтуынша, жексенбі күні табылған бөтелкені оқушы үйіне әкеліп, одан соң ата-атасы басқарманың шұғыл қызмет орталығына хабар берген. Ильясовтардың үйіне төтенше жағдайлар басқармасының мамандары барып, сынапты алып кеткен. Қазіргі кезде мамандар сынаптың қоқыс жәшігіне қалай түскені туралы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті