Отырыста бүгінгі таңда энергия тұтыну ауқымы күннен күнге өсіп келе жатқандығы, өсімнің жылына 5-6 % құрайтыны сөз болды. Бұл әсіресе елдің оңтүстік және батыс аймақтарда байқалады. Өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жыл басында президент үкіметке тапсырма жүктеген болатын. Д.Ахметовтың айтуынша, республикада жаңа энергетикалық нысандар құрылысына инвестиция тарту үшін қолайлы шаралар туғызу қажет. Бұл үшін аймақтардағы желілік компаниялардың құрал-жабдықтарының титығы жеткеніне баса назар аудару қажет, дейді премьер министр.
Сарапшылардың айтуынша, егер эгергияға сұраныс осы қарқынмен өсе берсе, 2009-жылға дейін бұл көрсеткіш сағатына 3 млрд кВт-қа жетуі әбден мүмкін. Сұранысты өтеуге байланысты жұмыс көптен бері жүргізіліп келе жатыр. Қазіргі кезде Солтүстік-Оңтүстік екінші электр желісінің құрылыс жобасы іске асырылуда. Екінші кезекте Астананың ТЭЦ-2, Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы аймақаралық желі, Мойнақ Су электр стансасы, Қандығаш Су жылу электр стансасы тағы да басқа жобалар жүзеге аспақ. Мәжіліс соңында үкімет басшысы энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Қазақстанның электроэнергетикалық қауымдастығымен , сонымен қатар өзге де осы салаға қатысы бар мемлекеттік органдармен бірлесіп бір аптаның ішінде электроэнергия саласына инвестиция тарту жолдарын дәйектеу міндеттелді. Ал «Қазына» тұрақты даму қорына бұл жобаларды қаржыландыру жолдарын ойластыру жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті