Тәжікстандағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстандағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы жеңіске жетті

Тәжікстандағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы жеңіске жетті

ДУШАНБЕ. 7-қараша. Kazakhstan Today. Тәжікстанда 6-қарашада өткен сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Эмомали Рахмонов сайлаушылардың 76,4 процент дауысын жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 398
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлауға дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 91 проценті қатысты.

Тәжікстанда 7 млн. халық тұрады. Оның ішінде 3,2 млн. адам дауыс беру құқығына ие.

Мемлекет басшысының орынтағы үшін бес үміткер додаға түсті. Атап айтсақ, Халықтық демократиялық партияның жетекшісі, қазіргі президент Эмомали Рахмонов, Коммунистиік партия ОК-нің хатшысы, Тәжікстан маджлиси намояндагон маджлиси оли депутаты Исмоил Талбаков, Экономикалық реформалар партиясының жетекшісі, тәжік транспорт институтының ректоры Олимджон Бобоев, Социалистік партияның төрағасы Абдухалим Гафаров пен Аграрлық партияның жетекшісі Амир Каракулов қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта