«Келісімнің басты мақсаты — Қазақстан мен Арменияның прокуратура органдары арасындағы ықпалдастықтың тиімділігін көтеру». Мәселен, тараптар «азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қадағалау функцияларын жүзеге асыруда бірлескен іс-қызметті регламентациялауға келісті»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кездесу кезінде Р.Түсіпбеков пен А.Овсепян қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылады.
Кездесу соңында Арменияның Бас прокуроры өзінің қазақстандық әріптесін жұмыс сапарымен Ереванға келіп қайтуға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті