Парламент мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығындарды қысқартып, ол қаржыны әлеуметтік тауқыметтерді шешуге бағыттауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығындарды қысқартып, ол қаржыны әлеуметтік тауқыметтерді шешуге бағыттауды ұсынады

Парламент мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығындарды қысқартып, ол қаржыны әлеуметтік тауқыметтерді шешуге бағыттауды ұсынады

АСТАНА. 7-қараша. Kazakhstan Today. "Депутаттар мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығындарды тым құрыса 8 процентке қысқартып, ол қаржыны әлеуметтік тауқыметтерді шешуге бағыттауды ұсынады". Бұл жайында мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

Парламент палаталарының бүгін өткен бірлескен отырысында 2007-жылға арналған бюджет жобасын қарау барысында депутаттар жалпылама сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығындар көлемін келесі жылы 41,1 млрд. теңгеге көбейту көзделгенін хабарлады. Бұл 2006-жылғы бюджеттен 50,5 процентке артық. Депутаттар мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру көлемін қысқарту қажет деп пайымдайды.

Ал үкімет басшысы Даниал Ахметовтың түсініктемесіне сәйкес, «министрліктер мен мекемелердің барлық ағымдағы шығындары бюджет жобасында инфляцияның процентіне ғана өскен». «Біз 7 процентті негізге алдық»,- деді үкімет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, үкімет басшысы кеңсесінің шығындарын 4,6 млрд. теңгеге көтеру Министрліктер үйінің ғимаратын пайдалануға енгізуге байланысты. «Министрліктер үйін ұстауға қажетті қаржы 4 миллиард теңгеден асады»,- деді Д.Ахметов.

Ал әділет министрлігі қызметкерлерінің санын арттыру мен соған сабақтас қаржы көлемін ұлғайту, үкімет басшысының айтуынша, «келесі жылы халыққа қызмет көрсететін 226 орталықтың ашылатындығына байланысты». Д.Ахметовтың айтуынша, «үкімет ағымдағы шығындарды азайту бағытында бұған дейін де жұмыс істеп келген, оны одан әрі де жалғастыра береді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта