2008-жылы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі барлық қауіпті ұңғылар жойылады - республика үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008-жылы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі барлық қауіпті ұңғылар жойылады - республика үкімет басшысы

2008-жылы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі барлық қауіпті ұңғылар жойылады - республика үкімет басшысы

АСТАНА. 7-қараша. Kazakhstan Today. 2008-жылы Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі барлық қауіпті ұңғылар жойылады. Бұл туралы үкімет басшысы Даниал Ахметов парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Қазір 90 ұңғының 68-і жойылды. 2007-жылға арналған бюджет жобасында тағы да 8 ұңғыны, одан кейінгі жылдарда 16 ұңғыны жою қарастырылған. Сөйтіп, 2008-жылы дегенде біз барлық қатерлі ұңғыларды жоюды көздеп отырмыз»,- деп мәлімдеді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, қазір елімізде жартылай немесе бүтін су астында қалған 1383 ұңғы бар. Оның 90-ы апатты жағдайда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта