Қазанның 11-і күні Алматы қаласының ІІД жедел басқару орталығына №98 орта мектепте жарылғыш зат орнатылғаны жөнінде хабар келіп түседі. Бірақ тексеру нәтижесінде бұл ақпарат расталмады. Осы қылмысқа қатысты ұсталған Алматы қаласының тұрғыны жүйке жүйелерін емдейтін ауруханада есепте тұрады екен, қазір де ол осы ауруханаға жатқызылды.
Ұсталған азаматтың осындай 5 жалған ақпарат таратқаны бүгінде дәлелденіп отыр. Алмалы аудандық ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 242 бабы бойынша (жарылғыш зат қойылғаны немесе лаңкестік әрекет жасалғаны жөнінде жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті