"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13-қарашада екінші оқылымда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң  жобасын парламент 13-қарашада екінші   оқылымда қарайды

"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13-қарашада екінші оқылымда қарайды

АСТАНА. 7-қараша. Kazakhstan Today. Парламент "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын 13-қарашада екінші оқылымда қарайды. Осындай шешім бүгін жобаны алғашқы оқылымда қарағаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Қараша 2006
  • 429
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге депутаттар парламент палаталарының мүшелерінен келесі жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қарау жөніндегі бірлескен комиссия құрды. Комиссия төрағасы болып мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта