«Әлемдік алпауыт қайдағы алыпсатарға есесін жіберді…Енді майлы сыбағаға қол жеткізгенге біздің мемлекет басы артық екі миллион евросын төлеуі керек,-дейді мақала авторы.
Естеріңізге сала кетейік, әңгіме Алматы әуежайының ұшу-қону алаңына арналған радионавигациялық қондырғыларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық тендер туралы сөз болып отыр. «Қазаэронавигация» РМКәсіпорнының әкімшілігі тендер өткізіп, байқаудың тапсырыс қағазында жұмысты 2007 жылдың 1-ші қазанына дейін 4,485 млн евроға жасаймын деп көрсеткен германиялық «BAN 2000 GmbH» компаниясын таңдаған. Ал байқаудың енді бір қатысушысы -норвегиялық Park Air Systems компаниясы: «біз жұмысты жарты жылда 2,919 млн евроға жасап береміз»,- деп көрсеткен.
«Казаэронавигация» РМК бас директоры Сергей Кульназаров «біз байқау жеңімпазының қаржылық көрсеткіштерін тексермеппіз» дейді.
Kazakhstan today агенттігінің деректерінше «BAN 2000 GmbH» компаниясының жылдық қаржылық көрсеткіші 3 млн евро ғана. «Қаржылық айналым -мүмкін сенімділіктің басты көрсеткіші емес шығар»,- деп көңіл көншіткісі келеді Кульназаров. Өйткені ол шағын компаниялармен жұмыс істеуді ертегіге теңейді. Ал «Park Air Sistems» компаниясының сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, оның жылдық қаржы айналымы 120 млн$. Оның өнімдері әлемнің 168 елінде қолданылады. Компанияның Англия және Норвегиядағы кәсіпорындарында 400-ден астам адам жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті