Кеше бірлестік мүшелері партия бағдарламасының ардагерлердің, мүгедектер мен зейнеткерлердің мәселелеріне қатысты бөлімін талқылады.
Әскерилер депутаттардан барлық зейнеткерлерге бірдеу зейнетақының қайта есептелуін талап етпек. Сондай-ақ, кездесу кезінде еңбек және соғыс ардагерлерінің мәртебесін айқындап, бұл тізімге ауған соғысының жауынгерлерін де қосу қажеттігі айтылды, және оларға берілетін жеңілдіктерді көбейту ұсынылды.
Олар «Отан» партиясына зейнетақы туралы заңға өзгерту енгізу мәселесін көтеруді ұсынып отыр. Әскерилер партиямен тек бағдарлама жасау барысында ғана емес әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қатысты заңдарды жасау кезінде де жұмыс істеуді көздейді. Сондықтанда олар өздерінің жұмысшы топтарын құруды жоспарлап отыр.
«Отан» партиясының жаңа бағдарламасы осы жылы желтоқсан айында партия съезінде бекітіледі.