«29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында президент Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет ресми сапармен Иорданияға барады. Ал осы жолғы сапар біздің ықпалдастығымызды бекіте түсуге мықты негіз қалайды»,- деді Д.Ахметов.
Ол сонымен қатар Иордания үкімет басшысының сапары аясында бүгін Елордасында екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілетіндігін хабарлады. Қазақстан мен Иорданияның сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылмақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті