Семейде ұсталған тәжік есірткі тасушысы асқазанындағы есірткіден қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ұсталған тәжік есірткі тасушысы асқазанындағы есірткіден қаза тапты

Семейде ұсталған тәжік есірткі тасушысы асқазанындағы есірткіден қаза тапты

СЕМЕЙ. 9-қараша. Kazakhstan Today. Семейде ұсталған Тәжікстанның 33 жастағы есірткі тасушысы асқазанындағы есірткіден қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей желілік полиция бөлімінің аға тергеушісі Талғат Әбдірахманов хабарлады.

  • 9 Қараша 2006
  • 417
Фото - Caravan.kz

Тергеушінің айтуынша, 4-қарашада есірткі тасушының денсаулығы күрт төмендеп, ол қайтыс болған. «Мәйітке тексеру жүргізген кезде оның асқазанынан героин салынған тағы да 28 капсула шықты. Олардың бірі жарылып кеткен екен. Есірткінің жалпы салмағы 175 грамм болып шықты»,- деді полиция капитаны.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қарашаның басында Ташкент-Новосибирск бағытындағы поезды тексеру кезінде желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тәжік азаматын қолға түсірді. Тұтқынның құсығынан жалпы салмағы 400 грамм болатын героин салынған 36 капсула шықты. Осыдан кейін бірден уақытша тергеу қапасына тоғытылған еркек тағы да құсқан кезде оның асқазанынан 500 грамм салмағы бар 47 капсула шықты.

«Жалпы алғанда Тәжікстан азаматы 111 капсуланы жұтып жіберген екен. Героиннің салмағы 1 килограмнан асады»,- дейді тергеуші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта